Жасанды интеллектті пайдалану ережелері

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының жасанды интеллектті пайдалану ережелері

 

Журнал генеративті жасанды интеллектті (ЖИ) қолжазбаларды дайындау барысында тек көмекші құрал ретінде (мысалы, мәтінді редакциялау, аудару және құрылымдау мақсатында) пайдалануға рұқсат береді. Жасанды интеллектті пайдалану автордың ғылыми үлесін алмастыра алмайды, сондай-ақ ЖИ жүйелері жарияланымның авторы немесе тең авторы ретінде көрсетіле алмайды.

  • Авторлар ЖИ қолдану фактісін міндетті түрде ілеспе хатта және мақаланың мәтінінде әдебиеттер тізімінің алдында жеке бөлім ретінде көрсетуге тиіс. Онда қолданылған құралдың атауы және оны пайдалану мақсаты нақты көрсетілуі қажет. Қолжазбаның жалпы бірегейлік деңгейі кемінде 80% болуы тиіс.
  • Жасанды интеллектті эмпирикалық деректерді генерациялау, ғылыми қорытындылар жасау, қолжазбаны толық немесе оның елеулі бөлігін жазу, жалған дереккөздер құрастыру, автор тексермеген түрде автоматты түрде әдебиеттерге сілтемелер таңдау, сондай-ақ мәтіннің бірегейлігіне қойылатын талаптарды айналып өту мақсатында пайдалануға тыйым салынады.
  • Редакциялық үдеріске қатысты жарияланбаған қолжазбаларды, рецензияларды, жеке деректерді және өзге де құпия материалдарды ЖИ жүйелеріне жүктеуге тыйым салынады. Бұл талап авторларға, редакторларға және рецензенттерге бірдей қолданылады. Рецензенттерге қолжазбаларды ғылыми сараптау барысында жасанды интеллектті пайдалануға рұқсат етілмейді.

Егер рецензент ғылыми сараптама барысында автордың генеративті жасанды интеллектті пайдаланған белгілерін анықтаса, бұл ақпарат редакция тарапынан міндетті түрде қарастырылады. Рецензенттің тиісті ескертпесі редакциялық шешім қабылдау кезінде ескеріледі және автордан қосымша түсініктеме сұрауға немесе қолжазбаны қосымша тексеруге негіз болуы мүмкін.

Редакция авторлардан ЖИ қолдану мәселесіне қатысты түсініктеме сұратуға және таңдаулы тексерулер жүргізуге құқылы. Жасанды интеллектті қолдану фактісін жарияламау немесе осы Ережелерді бұзу жариялау этикасын бұзу ретінде қарастырылады және қолжазбаны қабылдамауға негіз болады.