Еуропалық Одақтағы тиімді басқару қағидалары: Литва, Дания мен Швецияның азаматтарды қатысуға тарту бойынша саясаты
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-981Түйін сөздер:
мемлекеттік басқару, тиімді басқару , азаматтық қатысу, қауымдастық рухыАңдатпа
Мақалада оңтайлы басқару парадигмасы негізінде мемлекеттік басқару үлгілері қарастырылған, сонымен қатар тиімді басқару қағидаларының бірі – азаматтардың қатысуы Литвада, Данияда және Швецияда қалай жүзеге асырылатындығына салыстырмалы талдау жасалған. Ұсынылған талдаудан даму деңгейі бойынша әл-ауқатты мемлекеттерге жататын екі скандинавиялық елде және посткеңестік, бірақ Еуропалық Одаққа жататын мемлекетте азаматтық қатысу үрдістерінің қалай жүріп жатқанын көруге болады. Осы орайда, Қазақстанда осы саладағы литвалық тәжірибені қаншалықты қолдануға болатындығы туралы гипотетикалық сұрақ қоюға болады. Мақалада тақырыптық әдіс және таңдалған мәселені дұрыс талдауға мүмкіндік беретін салыстырмалы және құжаттық талдау әдістері қолданылған.