Қазақстан Республикасында алаяқтық жағдайы мен оның өсу қарқынына криминологиялық талдау жасау
Түйін сөздер:
алаяқтық, статистикалық көрсеткіштерді талдау, деңгей, динамика, латенттік, себептер кешеніАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасындағы алаяқтық жағдайы мен оның өсу қарқыны тұрғысынан криминологиялық талдауға арналған. Соңғы 10 жылда алаяқтықтың өсу тенденциясы байқалуда, бұл терең криминологиялық талдауды және соның негізінде алдын алу шараларын әзірлеу
қажеттігін көрсетіп отыр. Алаяқтықты тек ресми статистиканың мәлімдемелері негізінде талдау оның масштабтары, динамикасы мен қылмыс салдарының қоғамдық қаупі дәрежесі туралы бұрмаланған түсініктердің пайда болуына әкеп соғады. Латентті қылмыстық деп аталатын ұғым назардан тыс қалады. Зерттеу нәтижесінде латенттік коэффициенті 3,14-ті құрады.
Зерттеу барысында мынадай негізгі мәселелер: 1) тіркелген алаяқтық деңгейі, динамикасы; 2) алаяқтықтың себептер кешені; 3) алаяқтықтың алдын алу шаралары қарастырылды.