Тергеу судьясының түсініктемені алдын ала алуы
Түйін сөздер:
тергеу судьясы, сақтауға қою, жауап алу, тікелей, куә, жәбірленуші, жас балалар, айғақтар беру, ант, преюдицияАңдатпа
Қазақстанның қылмыстық-процестік заңнамасы жаңа ҚПК-нің қабылдануы нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілді, адам құқықтарының сақталуы үшін сот бақылауы айтарлықтай күшейді. Қазақстанның қылмыстық-процестік заңнамасы қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіре отырып, біртіндеп ескі кеңестік жүйеден алыстап келеді. Бұл мақалада жәбірленушінің, куәнің, айғақтарын сақтауға қою, тергеу судьясының бұндай процесстік іс-қимыл жүргізуінен бас тартуға шағым жасау, наразылық білдіру мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ автор тергеу судьясының жәбірленушіден, куәден жауап алуды жүзеге асыру тәртібінің өзекті мәселелерін талдайды, айғақтарды сақтауға қою туралы өтініштің құрылымы мен м азмұны жөніндегі норманы нақтылауды ұсынады.