Қазақстандағы мемлекеттік қызметтегі әйел-көшбасшылардың тәжірибесін талдау: қоғамның дәстүрлі талаптары мен батыс құндылықтарының арасында шектелу

Автор(лар)

  • С. Джаненова Назарбаев Университеті
  • А. Кужабекова Назарбаев Университеті
  • А. Алмухамбетова Назарбаев Университеті

Түйін сөздер:

гендер, әйелдер, көшбасшы, отбасы, таптаурын

Аңдатпа

Әйелдер Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер санының көпшілігін құрайды (56%), алайда басшылық қызмет орындарында олардың саны әлі де жеткіліксіз болып келеді. Осы зерттеу барысында Қазақстанның әкімшілік мемлекеттік қызмет орнындағы жетекші қызмет атқаратын әйелдердің тәжірибесі қарастырылды. Соның ішінде, өз міндеттерін атқару барысында кездесетін қиыншылықтар және мүмкіндіктер, сонымен қатар мансаптың ілгері басуына кедергі болатын немесе, керісінше, қолайлы жағдай туғызатын механизмдер, әрі басшылық қызметін табысты орындау мақсатында қолданатын стратегиялары зерттелді.

Қазақстандық әйелдер ана мен жар рөлін талап ететін дәстүрлік қоғамның және оған бәсеке болатын жетекші және тең құқылы экономикалық қайраткер ретіндегі батыстық неолибералды талаптарымен бетпе- бет кездесіп отыруда.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 85 |

Жарияланды

2017-06-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Джаненова, С., Кужабекова, А., & Алмухамбетова, А. (2017). Қазақстандағы мемлекеттік қызметтегі әйел-көшбасшылардың тәжірибесін талдау: қоғамның дәстүрлі талаптары мен батыс құндылықтарының арасында шектелу . Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (61), 73-84. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/174

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ