Мәдени-гуманитарлық экспорттың институттары: шетелдік тәжірибе
Түйін сөздер:
Сыртқы мәдени саясат, халықаралық қатынастар, жұмсақ күш, мәдениетАңдатпа
Мақала ұлттық мәдениеттердің шетелдегі өкілдігінің заманауи нысандарын зерттеуге арналған. Түрлі дереккөздерге негізделіп, шетелдік мәдени орталықтар қызметінің салыстырмалы және эмпирикалық талдауы мәдени ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Республикасының сыртқы мәдени саясат үлгілерін әзірлеу үшін олардың маңыздылығы куәландырады.Сыртқы саясаттың құралы ретінде мәдениетті пайдалану дипломатияның дәстүрлі саяси және экономикалық бағыттарын тиімді толықтырады. Мәдениет орынды түрде халықаралық аренада іс-қимыл стратегиясының ажырамас және бағалы бөлігі болып саналады. Шет елдерде өз мәдени мұрасын тарату, тіл оқытуды насихаттау, мәдени алмасуды кеңейту мемлекет басым бағыттарының бірі және оның сыртқы саяси стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.