Буынаралық трансформация жағдайында мемлекеттік қызметті құрылымдау
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-74-3-23-35Ключові слова:
ұрпақтар теориясы, мемлекеттік қызмет, буынаралық трансформация, құндылықтар, мансап траекториясы, HR қызметіАнотація
Мақала Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жүйесінде соңғы он жыл ішіндегі терең буынаралық трансформация мәселелерін өзектендіре отырып, мемлекеттік қызметті басқаруда ұрпақтар теориясына сәйкес жаңаша пайымдауды, әр кезең буындарының құндылығына үңіліп шешімдер тұжырымдауды ұсынады. Осы ретте, кадрдың жие ауысымдылығы, мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі айқындауы, мемлекеттік қызметтің тиімділігі және басқа да мәселелер ұрпақтар теориясының концепцияларына сәйкес талданып отыр. Мақалада мемлекеттік қызметтің кейбір функцияларын жетілдіруге негіз болатын эмпирикалық ұсыныстар әзірленді.