Мемлекеттік қызметшілерді уәждемелеу және мансаптық бағдарлаудың ерекшеліктер
Түйін сөздер:
уәждеме факторлары, уәждеме түрлері, мансаптық бағдарлар, мемлекеттік қызметшілерАңдатпа
Уәждеменің мазмұны мен бағыттылығы кәсіптік қызметтің тиімділігіне қатынасы бойынша анықтайтын мағынаға ие, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуіне ынталандыруда маңызды рөл атқарады.
Егер қызметкер тек еңбекке ғана бағытталған болса және үдерістің мазмұны мен қызметінің нәтижесімен мүдделі болмаса, ол онда, оның нәтижелілігі мен тиімділігінің жоғары көрсеткіштерінің болмағандығы. Және керісінше, егер маман орындалатын қызметінен тиісті моральдық-психологиялық қанағаттандыру ала отырып, өз міндеттерін сапалы орындауға ұмтылса, онда үлкен тиімділікке ие болады.
Сондықтан, кәсіби қызметтің мазмұны мен мансаптық өсу бағыттылығын да анықтайтындығынан, мемлекеттік қызметшілер еңбегінің уәждемесін қалыптастыру мәселесі жеткілікті түрде өзекті болып табылады.
Мақалада мемлекеттік қызметке алғаш түскен мемлекеттік қызметшілерді мансаптық бағдарлаумен ынталандыру түрлері мен факторларының өзара байланысын зерттеу нәтижелері келтіріледі.