Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруындағы талант-менеджмент: заман талаптары мен болашағы

Автор(лар)

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1202

Түйін сөздер:

таланттарды басқару, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, кадр саясаты, HR құралдары

Аңдатпа

Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту контекстінде мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін дамытудың маңыздылығы қарастырылады. Мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы жүйесінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру құралы ретінде дарынды мамандарды, оның ішінде жастарды тарту барған сайын сұранысқа ие болып отыр. Мақалада деңгейлер, аймақтар, білім беру және т. б. бөлінісінде мемлекеттік қызмет құрамы бойынша негізгі статистикалық мәліметтер талданады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің қолданыстағы моделіндегі персоналды басқару және талант-менеджмент жүйесіне талдау келтірілген. Мемлекеттік қызметшілерде менеджменттің талантын дамытудың сын-тегеуріндері мен перспективалары қарастырылады және оны жетілдіру жолдары ұсынылады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 362 |

Жарияланды

2024-04-03

Дәйексөз келтіру үлгісі

Искендирова, С., Жаров, Е., & Жуламанова, Д. (2024). Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруындағы талант-менеджмент: заман талаптары мен болашағы. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (1 (88), 48-63. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1202

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ