Мемлекеттік қызметшіні ынталандыру жүйесінің өзекті мәселелері

Автор(лар)

  • Алибек Науаров Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1092

Түйін сөздер:

Мемлекеттік қызмет, әлеуметтік қолдау, ынталандыру жүйесін жетілдіру, заң

Аңдатпа

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін нарықтық экономика кезінде мемлекеттік аппараттың персоналдарын ынталандыру жүйесін жетілдіру бұл кезек күттірмейтін мәселе.

Жұмыс беруші үздік ұйымдардың, жеке компаниялардағы персоналды басқару қызметінің қызметкерлерді ынталандыру жүйесін әрдайым жетілдіріп отыруы арқылы қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыратынын дәлелдеуде. Ал мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің (мемлекеттік қызметшілердің) ынталандыру жүйесінің жетілмеуі жұмыс тиімділігінің төмендеуіне әсер етеді. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғау нысанының жетілдірілмеуі мемлекеттік органның стратегиялық міндеттеріне жетуіне, мемлекеттік реформалардың тиісті деңгейде орындалмауына, мемлекеттік қызметтегі тұрақсыздыққа алып келеді, тіпті мемлекет дамуының негізгі кедергілерінің бірі екені айқын.

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мақсатында шет елдік тәжірибелерді енгізбес бұрын мемлекеттің ішкі жүйесіне сәйкес мемлекеттік қызметтегі қазақстандық (өзіндік) тәжірибе жасайтын уақыт келді.

Мақалада мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау арқылы ынталандыру жүйесін жетілдіру тетіктері қарастырылады. Сондай-ақ, автор мемлекеттік қызмет туралы заңның мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері тарауының әлеуметтік қолдау туралы бабтарын жетілдіріп, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік пакеттерді белгілеу арқылы мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі ұрпақтар сабақтастығының, қызметтік тұрақтылықтың, мемлекеттік қызметте тиімді және ұзақ мерзімде қызмет етудің алғышарттарын қарастырады. Автор мемлекеттік қызмет туралы заңның тиісті тарауына арнаулы мемлекеттік органдары туралы және осыған ұқсас заңдармен салыстырмалы түрде біріздендіруді ұсынады.

Мақала авторымен заңға өзгеріс енгізу арқылы мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік жағдайын арттырып мемлекеттік аппарттың кадрлық әлеуетін жетілдіруге нақты әсер ететін мүмкіндіктер қарастырылған.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 145 |

Жарияланды

2023-10-13

Дәйексөз келтіру үлгісі

Науаров, А. (2023). Мемлекеттік қызметшіні ынталандыру жүйесінің өзекті мәселелері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (86), 32-38. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1092

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ