Эмерджентті үлгідегі экономиканы мемлекеттік басқарудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды институцияландырудың әлемдік тәжірибесі
Түйін сөздер:
мемлекеттік басқару, электрондық үкімет, эмердженттік, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар, институционализация, халықаралық рейтинг, е-үкімет даму индексі, желілік дайындық индексіАңдатпа
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүкіл өркениеттің дамуын және экономиканың жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды, сондықтан үкіметтер олардың дамуына көп көңіл бөледі, бұл жұмыстың табыстылығының индикаторы өз елінің әртүрлі халықаралық рейтингтердегі жағдайы деп есептейді.
Үздік практиканы, электрондық үкіметтің лидерлерін анықтау мақсатында БҰҰ, ВЭФ-тің беделді халықаралық бағалау негізінде мемлекеттік басқару саласындағы ақпараттық технологиялардың дамуы талданады. Эмерджентті типтегі елдер сипатталады, топ-позициялар: Балтық елдері, Қазақстан мен Ресей атап көрсетіледі.
Әлемдегі цифрлық теңсіздік айқын. Эмерджентті типтегі экономикасы бар елдердің әлемдік лидерлерден қалып қоюы мемлекет тарапынан АКТ саласын дамытуды тиімді институционалдық қамтамасыз ету шараларының қажеттігін дәлелдейді. Бұдан шығатыны, жария басқаруда инновацияларды қолдануда, халықаралық деңгейде тепе-теңдікке қол жеткізу үшін ұлттық экономиканың ғаламдануы кезінде «электрондық үкімет» технологияларын дамыту қажеттігі туындайды. Бұл ретте, мемлекеттік даму саясатын қалыптастыру, экономиканы мемлекеттік реттеу саласында шешімдер қабылдау елдің орнықты дамыту бойынша АКТ қолдануда электрондық үкімет лидерлерінің үздік тәжірибесін түбегейлі зерттеуге негіздеуі тиіс.