Өңірдегі ақпараттық процестерді мемлекеттік басқару (Қазақстан және шетелдік тәжірибе)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1033Түйін сөздер:
Электрондық үкімет, смарт технологиялар, төлем, ақша, индекс, басқаруАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік басқару саласын цифрлық трансформациялау процестері қарастырылған. Шет елдердегі және біздің еліміздегі ақпараттық процестерді басқару тәжірибесі салыстырылып, ерекшеліктері анықталған. Зерттеу көрсеткендей, бұл елдегі ақпараттандыру деңгейі дамыған елдерге қарағанда төмен болып қала береді, бірақ экономиканың кейбір салаларында даму деңгейі айтарлықтай жоғары. "Интернет +", "электрондық ақша", блокчейн және смарт-технологияларын енгізу туралы алгоритмдер сипатталған.
Жұмыста құзыретті ғалымдардың пікірлерін синтездеу, статистикалық талдау, салыстырмалы талдау, жүйелік талдау, аналитикалық графиктерді құру әдістері қолданылды. Авторлар мемлекеттік басқару құрылымдарын ақпараттандыруды дамытудың негізгі ерекшеліктеріне, проблемалық мәселелеріне айрықша мән берген. Мемлекеттік басқару жүйелерін цифрландыру деңгейі бойынша Қазақстанның және шет елдер арасындағы жағдайына көңіл бөлінген. Авторлар мемлекеттік басқару және инновациялық экономиканың шетелдік моделінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаған. Әлемдік державалар ел үшін Қазақстан Республикасының ақпараттық даму жүйесіне белгілі бір бейімделуден кейін мемлекеттік басқару органдары енгізе алатын тәжірибе ұсына алады. Көптеген мемлекеттік органдар жобаларды басқару әдістемесін енгізуде.