Қазақстанда тұратын Кавказ және Азия этникалық топтарының отбасылық жанжалдарды шешудің дәстүрлі тетіктері және олардың мемлекеттік отбасылық саясатқа әсері
Кілт сөздер:
family policy, family conflicts, divorce, conflict resolution mechanisms, peoples of the Caucasus and AsiaАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының отбасы саясатының терең мәселелерінің бірі – отбасылық қақтығыстарды анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелері берілген.
Қазақстанда тұратын ең консервативті этникалық топтар өкілдерінің мысалында отбасы жанжалдарын шешудің дәстүрлі тетіктері заңға негізделген қазіргі заманғы тетіктердің пайдасына қоғамда өзінің танымалдығын жоғалтады деген сипаттама беріледі. Соның салдарынан бұл факт қазақстандық қоғамда ажырасудың көбеюіне себеп болып отыр.
Отбасылық жанжалдарды шешудің дәстүрлі механизмдерін зерттеу кезінде әдіснамалық құрал ретінде әдебиетті талдау, фокус-топтық зерттеулер мен терең сұхбатты талдау қолданылды.