Заманауи халықаралық қатынастардағы жаңа трендтер
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-76-1-62Түйін сөздер:
халықаралық жүйе, заманауи халықаралық қатынастардың трендтері, әлемдік полюстер және жаһандық саясатты тарту орталықтары, COVID-19 кезеңіАңдатпа
Соңғы жылдардағы халықаралық қатынастардың ерекшелігі әлемдік жүйенің тұрақсыздығын, сенімнің жоқтығын, халықаралық акторлар арасындағы қарама-қайшылықтың күшеюін, әлемдік жүйенің бірқатар ықпалды елдеріндегі ішкі саяси жағдайына нұқсан келгенін көрсетті, бұл қауіпсіздік пен тұрақтылықтың аймақтық және жаһандық деңгейіне әсер етті. Бірақ 2020 жылы халықаралық қатынастардың осалдығы жаңа геосаяси өзгерістердің басталғанын көрсетті. COVID-19 пандемиясы халықаралық ынтымақтастықты құру үшін кеңістікті одан әрі қысқартып, халықаралық қатынастар саласындағы қақтығысты күшейте отырып, Халықаралық жүйенің өзгеруін жеделдетті. Соңғы онжылдыққа тән халықаралық үрдістер сақталған немесе жаңа деңгейге шыққан жағдайда, өңірлік, халықаралық және жаһандық деңгейлерде халықаралық коммуникация мен өзара іс-қимылдың бүкіл жүйесін өзгертетін жаңа трендтер пайда болады.