Тәркіленген мүлікті тиімді басқару: Қазақстандағы басқару тәжірибесін жақсарту үшін халықаралық тәжірибені зерделеу
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1083Түйін сөздер:
Тәркіленген мүлік, тиімді басқару, әлеуметтік қолдану, үйлестіру, ең үздік тәжірибелерАңдатпа
Елдердің сын-тегеуріндерін еңсеру барысында, әсіресе, ковид-19 пандемиясының өршуі кезеңінде халықтың мемлекетке деген сенімі, оның саясаты және оны тиімді іске асыру мәселесі өзінің ерекше маңыздылығын көрсетті. Кез-келген өнім тәрізді мемлекеттiк басқарудың барлық салалары да қоғамның жаңа болмысы мен талаптарын ескере отырып жетiлдiруді талап етеді. Бүгінгі күні тәркіленген мүлікті басқаруды жетілдіру аса маңызды, себебі Қазақстан Республикасындағы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды тергеу шеңберінде мемлекеттік органдар мен қауіпсіздік секторының өкілдері болып табылатын жоғары лауазымды тұлғалардың мүліктері тәркілене отырып, оларды қамауға алу әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, басқаруды жетілдіру бойынша шараларды жаңадан бастағаннан гөрі басқа елдердің тәжірибесін үйрену арқылы саясатты өзгерту идеясы әлдеқайда оңтайлы болып табылады. Бұл ретте тәжірибе жасап жүрген маманға бұған дейін осы салада не жасалғандығын, іске асыруды қолдануда қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін, егер ол басқа жерде іске асырылса, сәтті немесе сәтсіз болатынын білуі қажет. Сондай-ақ кейіннен ойдағыдай жүзеге асырылуы мүмкін не болмаса керісінше, кедергі болуы мүмкін қандай да бір саясатты іске асырудың қаншалықты жеңіл немесе қиын болатындығын білуі тиіс. Кедергі болуы немесе оны табысты жүзеге асыруға ықпал етуі мүмкін интервенцияны жүзеге асырудың қаншалықты оңай немесе қиын екенін білу қажет.
Осыған байланысты, мақалада саясатты іске асыру барысында туындауы мүмкін негізгі мәселелер қарастырылған, содан кейін тәркіленген мүлікті басқару бойынша басқа елдердің ең үздік тәжірибелерінің ішінде Қазақстанда қолдануға болатындары айтылады.