Мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы өзара әрекеттесудің тұжырымдамалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-913Түйін сөздер:
мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы қарым – қатынас, мемлекет пен халық арасындағы коммуникация, ақпараттық-коммуникациялық жұмыс , құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада «мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы қарым – қатынас» жүйесіне концептуалды түсінік беріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым – қатынасқа жүйелі тәсіл қажет екендігін негіздейді.Зерттеу жұмысы мемлекет пен қоғам арасындағы қарым – қатынастардың құқықтық – концептуалды мәселелерін және осы саладағы мағыналық түсінікке талдау жұмыстары негізінде құралған. Халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу, жеке қабылдау, ресми интернет платформаларда ақпараттарды орналастыру сияқты шараларды талдау нәтижелері сындарлы қоғамдық диалог құруға бағытталған шаралардың формалді түрде жүргізілгенін анықтап, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым – қатынас әдістеріне сапалы өзгерістер қажет екендігін көрсетеді. Жүргізілген талдау жұмыстары мен концептуалды жүйеге түсінік бере отырып, авторлар мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастың стратегиялық потенциалын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар береді.
Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде жазылды (ИРН AP14872210).