Мемлекеттік басқарудың тиімділігі: бағалаудың түрлі тәсілдері

Автор(лар)

  • Раушан Дуламбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Түйін сөздер:

мемлекеттік басқару, жастар саясаты, мемлекеттік шығындар, тиімділікті бағалау, NEЕT

Аңдатпа

Зерттеу барысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралардың тиімділігін жүйелі талдау қажеттілігін дәлелдеу міндеті қойылды. Мемлекеттік басқарудағы прагматикалық тәсіл нәтижеге бағытталған шығындар бойынша есептілікті талап етеді. Алайда, мемлекеттік шаралардың барлық түрлерінің нәтижелілігін нақты анықтау мүмкін емес. Бұл ретте, бағаланатын санаттар мен объектілердің күрделілігін ескеру қажет, бұл зерттеудің көп факторлылығын, әдістер мен модельдердің вариативтілігін білдіреді.
Жастар саясаты мысалында әр түрлі әдістерді пайдалану мүмкіндіктеріне талдау жүргізілді және алынған нәтижелер түсіндірілді. Автор жастар саясаты және жалпы жастар санының NEET үлесіне патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды өткізуге арналған мемлекеттік шығындардың оң әсері туралы гипотеза ұсынды. Осы әсердің маңыздылығын түсіндіру үшін екі тестілік корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері қолданылды. Мемлекеттік шаралар оң нәтиже көрсетті, алайда NЕЕТ құбылысын зерттеудің теориялық, тұжырымдамалық тәсілдері, қолданылатын әдістерге сыни көзқарас, статистикалық деректерді салыстырмалы талдау осы гипотезаға күмән келтіреді.
Мемлекеттік басқару өз құрылымы мен заңдары бар жүйелі құбылыс болып табылады. Оның қандай да бір бөлігінің нәтижелілігін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, алынған нәтижелердің маңыздылығын тексеріп түсіндіру қажет.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 135 |

Жарияланды

2019-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Дуламбаева, Р. (2019). Мемлекеттік басқарудың тиімділігі: бағалаудың түрлі тәсілдері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (71), 43-50. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/73

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары