Англияның жергілікті басқару жүйесі: азаматтық париш
Ключові слова:
жергілікті басқару, париш, азаматтық париш, париш кеңесі, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксон үлгісі, ауылды басқаруАнотація
Азаматтық париш – Англиядағы жергілікті басқарудың ең төменгі сатысы болып есептеледі. Бастапқыда шіркеу төңірегіне топтасқан ауылқауымын билеуші институт ретінде қалыптасқан париш жүйесі дінмен тығыз байланыста дамыды. ХІХ ғасырда жүргізілген модернистік реформалар нәтижесінде діни сипатынан айырылып, шағын елдімекенді (ауыл немесе қаланың шағын ауданы) билеуші институт ретінде қайта құрылымданған паришке «азаматтық» тіркесі жалғанды. Мақалада осы азаматтық париш институтының ХІХ ғасырдан бергі дамуы, бұл жүйеге енгізілген өзгерістер мен жасалынған реформалар және заманауи жағдайы қарастырылатын болады.