Шағын және орта бизнесінің «жарылғыш» өсуіне арналған стратегиялық және жобалық менеджменттің құралдары
Түйін сөздер:
мемлекеттік басқару, орта және шағын бизнес, жобалық басқару, басқаруды дамытудың құралдары, экспоненциялық даму моделіАңдатпа
Мақала авторлары шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды басқаруға ғылыми және сарапшы қауымдарын, сонымен қатар менеджмент пен мемлекеттік басқарудың мамандарын өз назарын аудартуға тырысуда. Сәтті компанияларға талдау мен ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде, Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін, сызықтық емес, «жарылғыш» модель қажет екеніне көз жеткіздік. Бұл бәсекеге қабілетті модельді іске асыру үшін қажетті құралдар мен негіздер қарастырылуда. Жобалық менеджмент пен заманауи технологияларды кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдарға ендірсек, жақын арада Қазақстанда 3–4 жылда шағын және орта бизнесте «жарылғыш» өсімі болары анық.