ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УРБАНДАЛУДЫҢ ТАБЫС ТЕҢСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ: ӨҢІРЛІК АСПЕКТ

Автор(лар)

  • Динара Абдрахманова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы
  • Асель Жунусова Туран-Астана Университеті https://orcid.org/0000-0001-5538-1945
  • Шакизада Ниязбекова Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті
  • Раушан Дуламбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1387

Түйін сөздер:

урбандалу, табыс теңсіздігі, регрессиялық талдау, Джини коэффициенті, тұрақты даму

Аңдатпа

Урбандалу елдердің экономикалық өсуіне және адами капиталдың дамуына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, ол қала мен ауыл арасындағы, сондай-ақ бір қала құрылымындағы халықтың табысындағы алшақтықты күшейтеді.

Мақала урбандалудың ұлттық және аймақтық деңгейдегі халық табысының теңсіздігімен байланысын зерттеуге арналған.

Танымның жалпы ғылыми әдістерімен қатар зерттеу регрессиялық талдау әдісін қолданды. Тәуелсіз ауыспалы (детерминант) ретінде урбандалу процесін сипаттайтын қала халқының үлесі болатын модель құрылды. Джини коэффициенті әсер етуші фактор ретінде таңдалды.

Талдау негізінде урбандалудың әлсіз оң байланысы және ел бөлінісіндегі табыс теңсіздігі деңгейі туралы қорытынды жасалды. Алайда, Қазақстанның кейбір өңірлері үшін халықтың ауылдан қалаға көшуі, керісінше, табыстардағы саралауды күшейтеді. Бұл табыс теңсіздігінің урбандалу процесіне тәуелділігі қағидаты бойынша өңірлерді одан әрі жіктеуді қолдана отырып, урбандалу саласындағы неғұрлым теңдестірілген саясаттың қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 9 |

Жарияланды

2025-06-27

Дәйексөз келтіру үлгісі

Абдрахманова, Д., Жунусова, А., Ниязбекова, Ш., & Дуламбаева, Р. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УРБАНДАЛУДЫҢ ТАБЫС ТЕҢСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ: ӨҢІРЛІК АСПЕКТ. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, 2(93), 86-99. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1387

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары