Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әлеуметтік бақылаудың ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1292Түйін сөздер:
мемлекеттік қызмет, әлеуметтік бақылау, ақпараттық ашықтық, әлеуметтік тұрақтылық, әлеуметтік тепе-теңдікАңдатпа
Мақалада әлеуметтік бақылаудың мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орны мен маңызы қарастырылған. Авторлардың пікірінше, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әлеуметтік бақылау көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығына, жариялылығына және мемлекеттік қызметкердің жоғары біліктілігіне тікелей байланысты. Мақалада әлеуметтік бақылаудың тиімділігі ақпараттық ашықтық, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік тепе-теңдік көрсеткіштері арқылы анықталатындығы дәлелденген. Мақала авторлары әлеуметтік бақылаудың мемлекеттік қызмет жүйесіндегі беделін көтерудің келесідей бағыттарын ұсынған: азаматтық сананы айқындайтын нормалар мен құндылықтарды ұдайы жетілдіру; мемлекеттік қызметті дәріптеу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану; мемлекеттің қоғаммен байланыс арналарын нығайту және саяси үдерістерді бақылау.