Жаңа көзқарастар арасында навигация: қазіргі геосаясаттағы Орталық Азияның рөлі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1237Түйін сөздер:
Орталық Азия, Ресей, Қытай, жаһандық саясат, геосаяси динамика, аймақтық ынтымақтастықАңдатпа
Зерттеушілердің назарына айналған Орталық Азия тарихи мұралардың, геосаяси мүдделердің және өзгеріп жатқан динамиканың күрделі қосындысы болып келеді. Бұл мақалада ресурстардың байлығы мен географиялық локациясы туралы дәстүрлі нарративтерден асып, қазіргі жаһандық аренада Орталық Азияның маңыздылығын қалыптастыратын көп факторлы талдамаға ену жүзеге асырылады. Жүйелік, құрылымдық, хронологиялық және функционалдық талдауды қамтитын сапалы талдау методтарын қолдана отырып, зерттеу геосаяси жағдайлардың өзгеруі жағдайында аймақтың субъективтілігін қарастырады. Посткеңестік кезеңнің тарихи алғышарттары мен траекторияларын талдай отырып, зерттеу Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығы уақыт өте келе қалай өзгергенін түсіндіреді. Бір - бірімен байланысты екі факторға - Ресей мен Украинаның қақтығысына және Қытайдың өсіп келе жатқан жаһандық амбицияларына назар аудара отырып, зерттеу олардың аймақтық динамикаларға трансформациялық әсерін түсіндіреді. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Орталық Азияның геосаяси динамикасында өзгерістер туғызып, аймақтық күштер динамикасының қайта калибрленуіне және Қытайдың ықпалына деген көзқарастың артуына себеп болды. Сонымен қатар, Қытайдың өсіп келе жатқан экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалары Орталық Азияны Еуразиялық геосаясаттағы негізгі нүкте ретінде көрсете отырып, аймақтың коннективтілігін және оның геосаяси маңыздылығын өзгертеді. Осы өзгерістер жағдайында Орталық Азия елдері өсіп келе жатқан субъективтілікті көрсетіп, бірлескен өңірлік саясат және әртүрлі сыртқы күштермен өзара бірегей әрекет жасайды. Аймақ геосаяси қайта бағдарлауға бағытталған және әлемдік аренада өз мүдделерін көздейтін болғандықтан, ол геосаяси күрес пен ынтымақтастықтың серпінді орталығына айналып келеді. Бұл зерттеу Орталық Азияның қазіргі жаһандық саясаттағы рөлі туралы эволюцияны нюансты түсінуге ықпал етеді, оның субъекттілігі мен дәстүрлі нарративтерден тыс стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.