Еуропалық Одақтың Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс бойынша стартегиясындағы Қазақстанның орны мен рөлі
Түйін сөздер:
Еуропалық Одақ, Қазақстан, Еуропалық Одақтың өзара байланыс стратегиясы, Қытай, «Белдеу және жол» бастамасыАңдатпа
2018 жылы 19 қыркүйекте Еуропалық комиссия Еуропа мен Азия арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту бойынша Еуроодақтың жаңа стратегиясының элементтерін баяндайтын Бірлескен үндеуді басып шығарды. Аталған басылымда Қазақстан Республикасы тікелей аталмаса да, әсіресе 2018 жылғы 18-19 қазанда АСЕМ Форумының Саммиті барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан бастамаларын ескере отырсақ, біздің ел оның сәтті іске асырылуында аса маңызды рөл ойнауы мүмкін.
Бұл мақаланың мақсаты - Еуроодақ жариялаған Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс стратегиясы элементтерін талдау, сонымен бірге құжатты имплементациялау барысында Қазақстанның мүмкіндіктерін бағалау.
Бұл тақырыптың жаңа болуына байланысты әлі ғылыми зерттеулер шықпаған. Осыған байланысты, мақалада болашақтағы өзара әрекеттесудің параметрлері және бұл процестердегі Қазақстанның рөлі қарастырылады.