Рецензенттердің жалпы міндеттері мен жауапкершілігі

  • Рецензент өзінің ғылыми және кәсіби мүдделері саласына сәйкес келетін қолжазбаларға ғана ерікті түрде редакциямен қойылған мерзім ішінде сын-пікір беруді жүзеге асыруға міндеттенеді.
  • Рецензент шешім қабылдау үдерісіне өз үлесін қосуға және қолжазбаны әділдікпен және уақтылы сын-пікір беру арқылы жарияланатын мақаланың сапасын арттыруға, дұшпандық немесе арандатушылық мәлімдемелерден, сондай-ақ жала жабу немесе қорлау пікірлерінен аулақ болуға міндеттенеді. Рецензент өз пікірін нақты және сындарлы түрде білдіруі керек, оларды дәлелдермен немесе қажет болған жағдайда сілтемелермен қамтамасыз етуі керек.
  • Рецензент редакторлар немесе автор ұсынған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Үшінші тұлғалармен жарияланбаған материалды талқылауға және олардағы ақпаратты жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
  • Рецензент барлық ықтимал мүдделер қақтығысы туралы мәлімдеуге міндеттенеді.
  • Рецензент рецензияның мазмұнына қолжазбаның шығу тегі, ұлты, діни тиесілігі, авторлардың саяси, коммерциялық пікірлері немесе өзге де көзқарастары әсер етуіне жол бермеуі тиіс.
  • Рецензент мақалада қателер, плагиат (өзге құжатқа ұқсастық) немесе автордың жосықсыз әрекеті анықталса, журнал редакциясын дереу хабардар етуге міндетті.