АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ЭМПИРИКАЛЫҚ – ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛІ: ЕУРОПА – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ (Әулие Климент Охридский атындағы София университеті жанындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім және мәдени орталығының үлгісінде)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1288Аңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Орталық Азиядағы академиялық білім беру жағдайына еуропалық саясат және жоғары білімді интернализациялау тұрғысынан ситуациялық және хронологиялық талдау берілген. Әулие Климент Охридский атындағы София университеті жанындағы әл-Фараби атындағы ғылыми-білім және мәдени орталығының қызметін сипаттайтын тұжырымдамалық эмпирикалық-теориялық моделі ұсынылды. Ғылыми-ағартушылық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан жүзеге асырылатын іс-шаралар қарастырылды. Университет орталығының мысалында Орталық Азиядағы университеттер мен Болгария Республикасы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың еуропалық көзқарасы ұсынылған.
Түйін сөздер: мәдениетаралық диалог және өзара әрекеттестік, жоғары білім, мәдениетаралық рефлексия, модел, білім беру саясаты, білім беру стратегиялары, Еуропалық ұсыныс және директивалық құжаттары.