Қазақстанда философия докторы дәрежесін беру: мемлекеттік саясат және оның нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1215Түйін сөздер:
докторантура, ғылыми кадрлар, дәрежелілік деңгейі, диссертацияларды қорғау деңгейі, ғылыми жарияланымдар, Scopus, Web of scienceАңдатпа
Докторантура бағдарламалары болашақ ғалымдардың қалыптасуына ықпал етеді. Бұл мақала докторантура саласындағы, атап айтқанда философия докторы дәрежесін беру жөніндегі мемлекеттік саясатты талдауға және жүргізіліп жатқан саясат нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстандағы диссертациялардың қорғалу деңгейін бағалауға бағытталған. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық статистика бюросының 2022/2023 жылдардағы докторанттардың саны, олардың қозғалысы мен таралуы жөніндегі деректеріне статистикалық талдау және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі докторантура бағдарламасына байланысты нормативтік-құқықтық актілерге контент-талдау жүргізілді. Соңғы жылдары ғылыми кадрларды даярлау және диссертацияларды қорғау процесі жаңғыртылып жатқаны анықталды. Докторантура саласындағы мемлекеттік саясат докторанттардың бойында зерттеу дағдыларының жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған, бұл біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлауды және елде бәсекеге қабілетті ғылымды дамыту міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Алайда, елімізде докторантураны бітіргеннен кейін диссертацияларды қорғау деңгейі өте төмен – 15,23%. Бұл көрсеткіш ел өңірлері, оқыту мамандықтары, жынысы және оқу ақысын төлеу әдістері бойынша ерекшеленеді. Диссертацияларды қорғау деңгейін және ғылыми кадрлардың дәрежелілік деңгейін арттыру мақсатында докторантураға оқуға қабылдау кезінде, докторантурада оқу кезінде, диссертацияны қорғауға жіберу және диссертацияны қорғау кезінде бірқатар шаралар ұсынылды.