Жарияланған мақалаларды кері қайтарып алу (retraction) немесе түзету тәртібі
Журнал редакциясы ғылыми қоғамдастық үшін зерттеу деректерінің тұтастығы мен толықтығының маңыздылығын мойындайды және журналдың электрондық мұрағатына деген сенімді қолдау үшін жоғары стандарттарды ұстанады.
- Автор қателерді немесе дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, журналдың редакциясына хабарлауы және қысқа мерзімде жарияланымды алып қоюы/түзетулер енгізуі тиіс. Түзетулер мәтіндегі қателерді көрсете отырып, мақаланың электрондық нұсқасын ауыстыру арқылы журналдың сайтында орналастырылады.
- Егер автор тарапынан жөнсіз мінез-құлыққа немесе кәсіби этиканы бұзуға күдік болса, журнал редакциясы ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеттің басшылық принциптеріне сәйкес тергеу жүргізуге құқылы. (https://publicationethics.org/retraction-guidelines)
Журнал редакциясы келесі бұзушылықтарда мақаланы қайтарып алу мүмкіндігін қарастырады:
- Саналы іс-әрекеттер нәтижесінде (мысалы, деректерді бұрмалау) немесе есептеулерде, тәжірибелерде қателіктердің салдарынан пайда болған жарияланатын ақпараттың анық еместігіне дәлелдердің болуы;
- Бұрын басқа басылымда жарияланған болатын жұмыстарға тиісті сілтемелері жоқ, қайтадан жариялау қажеттілігінің рұқсаттары мен негіздемелері жоқ қорытындылар (яғни, қайталанатын жариялау жағдайлары);
- Авторлық құқық бұзылған немесе мақала плагиат болып табылатын жағдайда;
- Мақалада құпияланған материалдар бар болуы (оларды пайдалануға тиісті рұқсаттың жоқтығы);
- Мақала әділіз немесе өзгертілген сын-пікір үдерісі негізінде жариялануы;
- Автор жұмыстың түсіндірілуіне немесе рецензенттердің ұсыныстарына әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысын ашпауы.
Жарияланған қайтарылған мақаланың электронды нұсқасында "retracted" су белгісі қойылады. Ерекше жағдайларда, егер кері қайтарып алудың себебі зияткерлік меншік құқығын, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын, құпия материалдарды жария ету құқығын, сот немесе Үкімет қаулысын бұзу болып табылса, мақала журнал сайтынан жойылады. Мақаланы кері қайтарып алу туралы мәліметтер журнал индекстелетін деректер базасына жіберіледі.