Интеграциялық бірлестіктердің цифрлық кеңістігін қалыптастырудың теориялық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-999Түйін сөздер:
интеграциялық бірлестіктер, цифрландыру, цифрлық кеңістік, аймақтық интеграция, ЕО, ЕАЭО, АСЕАН, МЕРКОСУРАңдатпа
Бұл мақалада интеграциялық бірлестіктердің цифрлық кеңістігін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Цифрлық экономикаға көшу және цифрландыруды интеграциялық бірлестіктер аясындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі ретінде бөлу жағдайында ұлттық және ұлттықтан жоғары бастамаларды іс жүзінде іске асырудың негізділігі мен перспективаларын бағалау мақсатында интеграциялық бірлестіктердің цифрлық кеңістігін қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеу қажеттілігі артып отыр. Отандық және шетелдік әдебиеттерді пайдалана отырып, каузальды талдау және индукция әдісі негізінде «цифрлық кеңістікті» анықтау тәсілдері, оны қалыптастырудың алғышарттары, даму ерекшеліктері талданады, цифрландырудың аймақтық интеграцияның тұрақтылығына әсері да бағаланады. Мысал ретінде Еуропалық Одақ (ЕО), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), Оңтүстік конустың жалпы нарығы (МЕРКОСУР) және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тәжірибесі зерттелді. Бұл ретте цифрлық кеңістікті қалыптастыру эволюциясы аймақтық ғылым, экономиканы цифрландыру және цифрлық экономикалық интеграция позициясынан қарастырылады