Түркия мен Ресейдің халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазіргі орны мен рөлі

Автор(лар)

  • Венера Изтаева Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Лаура Абжапарова Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті https://orcid.org/0009-0004-3045-3649

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-976

Түйін сөздер:

дипломатия, ұлттық мүдде, қайшылықты мүдделер, «Украина мәселесі», медиациялық рөл, сыртқы саясатының трансформациясы, ресей-түрік қарым-қатынасының заманауи ерекшеліктері

Аңдатпа

Мақалада Түркия мен Ресей арасындағы екі жақты дипломатиялық қарым қатынасты талдай отырып, халықаралық қатынастар саласында олардың алатын рөлі мен маңыздылығын талдаймыз. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың ұзақ тарихы бар. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы екіжақты қатынастардың құрылымын өзгерткен жоқ. Екі жақтың саяси бастамасымен Түркия мен Ресей 2000 жылдардың басында ынтымақтастыққа баса мән бере бастады. Содан бері Анкара мен Мәскеу әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастықта. Алайда Ресей мен Түркияның ұлттық мүдделері Кавказдан  бастап Таяу Шығыс пен Қара теңізге дейінгі аумақтарға қатысты сұрақтарда келгенде өзгеріп отырды. Біз үшін екіжақты қарым-қатынастар нені құрайтынын және маңызды мүдделер қайшылығына қарамастан, бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қалай дамып жатқанын талдау маңызды, өйткені оның аймақтық ғана емес, сонымен қатар жаһандық маңызы бар. Оның үстіне екіжақты қарым-қатынастардың динамикасы болашақ тенденцияларды түсінуге көмектеседі.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 70 |

Жарияланды

2023-03-31

Дәйексөз келтіру үлгісі

Изтаева, В., & Абжапарова, Л. (2023). Түркия мен Ресейдің халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазіргі орны мен рөлі. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (1(84), 121-138. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-976

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР