Орталық Азия елдерінің трансшекаралық өзендер суын пайдалануды реттеу мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-972Түйін сөздер:
Орталық Азия елдері, аймақ, трансшекаралық өзендер, су ресурстары, реттеу, интеграция, ұлттық қауіпсіздік, мемлекетаралық келісімдерАңдатпа
Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық өзендер суын пайдалану мәселесі аймақ елдері арасындағы қатынастардың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларының негізгі бөлігіне айналды. Арал теңізі бассейнінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану кезінде ұлттық мүдделерді сақтау және қорғау мәселесі Қазақстан үшін ерекше өзектілікке ие. Себебі, шектеулі және осал су ресурстары жағдайында еліміздің оңтүстік аумағын қажетті су мөлшерімен қамтамасыз ете отырып, Арал теңізінің экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлімдерінің бірі болып табылады. Орталық Азиядағы су ресурстарының біркелкі бөлінбеуі жоғарғы және төменгі ағыс елдерінің өзара тәуелділігін шиеленістіре түсті, сондықтан суды пайдаланушылардың мүддесін қорғауға бағытталған шаралар жүйесі Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасында басым позицияларға ие болуға тиіс.
Зерттеуде Амудария мен Сырдария трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселелері, олардың аймақ мемлекеттерінің қарым-қатынасына әсері қарастырылған. Құрылымдық, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып, Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық су пайдалануды реттеудің бағыттары мен мүмкіндіктері сарапталды.