Жапония мен Оңтүстік Кореяның АТМА-дағы ықпалы: экономикалық бәсекелестіктің тарихы мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-950Түйін сөздер:
Жапония, Оңтүстік Корея, Азия-Тынық мұхиты аймағы, экономикалық күш, экспорт, АКЭСАңдатпа
ХХІ ғасырда жаһандық деңгейдегі мемлекетаралық серіктестікте Азияның орны ерекшеленді, бұл аймақ басты стратегиялық платформа рөлін атқара бастады. Бұған дәлел ретінде Азия мемлекеттерінің жаһандық экономикада бәсекеге қабілеттіліктерінің артуын және өзара интеграциялану арқылы ортақ нарық құрудағы қызығушылығы мен жақындасу саясатының қарқынды дамуын атауға болады. Халықаралық қатынастардың көптеген сарапшылары негізгі саяси және экономикалық алаңдардың бірі Азия-Тынық мұхиты аймағында үлкен геосаяси күш бар деуде. Бұл пікірдің жөні бар, себебі осы аймақ дәстүрлі түрде 58 елді қамтып отыр. Олардың арасында халықаралық аренадағы алдағы позицияны ұстап отырған Қытай, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты ірі геосаяси акторлар бар. Осының аясында бұл мақалада Жапония мен Оңтүстік Кореяның осы аймақтағы орны мен рөлі жеке қарастырылады. Бұл екі тараптың экономикалық мүмкіншілігі мен мүддесінің салыстырмалы түрде талдануы олардың арасындағы экономикалық бәсекелестіктен туындаған экономикалық қақтығысы болып келеді. Бұл жердегі еркін сауда аймақтарының, сондай-ақ АСЕАН, АТЭС және т.б. сияқты бірлестіктердің бар болуына байланысты Жапония да, Корея Республикасы да қазіргі сәтті өзінің экономикалық жағынан гүлдену кезі ретінде көріп отыр. Осыған орай, осы мақаланың негізгі мақсаты осы екі елдің аймаққа ықпал ету әсерін айқындап, олардың арасындағы бұл экономикалық бәсекелестіктің пайда болу және өрші үдерісін байқап, сондай-ақ әр елдің көшбасшылық әлеуетіне бағалау талдауын жүргізуді атауға болады.