Қазақстан аймақтарындағы мемлекеттік қызмет: оның дамуына ықпалын тигізетін факторлар
Түйін сөздер:
аймақтық мемлекеттік қызмет, басқару жүйесі, институционалдық реформа, персоналды басқару қызметіАңдатпа
Мақалада мемлекеттік қызмет реформасының аймақтық деңгейде жүргізілуінің практикалық аспектілері қарастырылады. Мемлекеттік қызмет институттарының қалыптасу үлгілері келтіріледі және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізінде бірінші институционалдық реформаны іске асыру барысы талданады. Кадрларды іріктеу және жылжыту бойынша өңірлердегі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) практикасынан талдау келтірілген.
Мемлекеттік қызметтің кезең-кезеңмен реформаларын жүзеге асыру бойынша кейбір табысты қадамдарды атап өте отырып, авторлар өңірлік және орталық органдар мен сарапшылар қоғамдастығының қатысуымен шешілуі қажет аймақтардағы мемлекеттік қызметтің мәселелерін талқылауға шығару.