Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің нәтижелілігін бағалау тәсілдері: шетелдік тәжірибе және қазақстандық шындық

Автор(лар)

  • Ержан Жаров Сиракьюзский университет

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-912

Түйін сөздер:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, квазимемлекеттік сектор , бағалау тәсіл , тиімділік белгісі , халықаралық стандарттар

Аңдатпа

Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектор ұйымдарының алдында тұрған маңызды мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйенің тиімділігін бағалау тәсілін таңдау болып табылады. Бұл мақалада халықаралық ұйымдар мен шет елдердің мемлекеттік органдары әзірлеген аталған жүйе нәтижелілігін бағалаудың қолданыстағы тәсілдерінің салыстырмалы сипаттамасы келтірілген. Шетелдік әдістемелер пайдаланылатын бағалау тәсілдеріне, сондай-ақ бағалауды нақтылау дәрежесі мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін екені анықталды. Осы тәсілдердің қазақстандық тәжірибеде пайдалану перспективаларын ескере отырып негізгі кемшіліктері айқындалды. Сараптамалық бағалаулар жиынтығын, өзін-өзі бағалау және сандық талдау әдістерін қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін бағалаудың ұлттық әдістемесін әзірлеу қажеттілігі негізделген.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 115 |

Жарияланды

2022-11-22

Дәйексөз келтіру үлгісі

Жаров, Е. (2022). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің нәтижелілігін бағалау тәсілдері: шетелдік тәжірибе және қазақстандық шындық. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (82), 12-20. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-912

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ