Отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңды күшейту
Түйін сөздер:
елші, заң, дипломат, дипломатиялық дәреже, миссия, дипломат отбасы, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық қатынастарАңдатпа
Бұл ғылыми мақала шет мемлекеттердің ұқсас заңнамалық актілерінің жұмыс істеуінің құқықтық тәжірибесі аясында "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Заңының нормалары мен ережелерін жетілдіруге арналған. Осы салыстырмалы-құқықтық талдауда 1980 жылғы "Шетелдік қызмет туралы" және 1986 жылғы "Дипломатиялық қауіпсіздік туралы" АҚШ заңдарына ерекше рөл берілген. Аталған қазақстандық заң Ұлыбританияның, Францияның, Жапонияның дипломатиялық қызметі туралы заңнамаларының жұмыс істеу тәжірибесі аясында да зерттелді. Мақалада ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттің басшы тұлғаларын жоғары дипломатиялық қызметкерлерінің құрамына енгізу, барлық дипломатиялық лауазымдарды тек конкурстық негізде тағайындау, дипломаттардың қызметін бағалау құралы ретінде литерлік-цифрлық жүйені енгізу, дипломаттардың, олардың отбасыларының қауіпсіздігі, сондай – ақ Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдігі ғимараттарының қауіпсіздігі туралы нормаларды енгізу қажеттілігіне, сондай- ақ дипломаттың дәрежелерін өсуін қамтамасыз ету үшін "бакалавр-магистр-PhD докторы" жүйесін енгізудің орындылығына негізделеді.