Шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды қатыстыру үшін интернет-алаңдар: халықаралық тәжірибе
Түйін сөздер:
интернет-алаң, краудсорсинг, онлайн-петиция, мемлекеттік басқарудағы технологиялар, азаматтар, билік, шешім қабылдау үдерісі, азаматтық қоғамды дамытуАңдатпа
ақалада мемлекеттік басқару жүйесінде шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды тартудың қазіргі заманғы жаңа түрі ретінде интернет-алаңдарды, соның ішінде краудсорсингті пайдалану мен дамытудың әлемдік тәжірибесі қарастырылған. Авторлар Австралия, Исландия, Тайвань, Оңтүстік Корея, Еуропалық Одақ, Финляндия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Латвия, Эстония мысалдарын келтіру арқылы краудсорсинг технологиясының іс-жүзінде жүзеге асуын және тиімділігін көрсеткен. Сондай-ақ краудсорсинг негізгі түрлері, олардың әр елдегі ерекшеліктері мен жүргізілу жолдары, онлайн-петиция институттары сияқты түрлеріне назар аударылған. Билік шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды тарту арқылы бірқатар альтернативті шешімдер алады, және тұрғындардың саяси шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілігін арттырады деген қорытынды жасалған.