Көлік жүйесі Қазақстан сыртқы саясатының құралы ретінде

Автор(лар)

  • Ардақ Есдәулетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айболат Дәлелхан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-859

Түйін сөздер:

көлік саясаты, сыртқы саясат, Қазақстан, әртараптандыру, Бір белдеу-Бір жол, ЕАЭО , Каспий

Аңдатпа

Авторлар Қазақстанның көлік саясатын сыртқы саясат мақсаттарын іске асырудағы және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Соңғы жылдары көлік дәліздері экономиканы әртараптандырудың күшеюіне және шикізаттық бағыттылықтан ауытқуға байланысты өзектілікке ие болды. Сонымен қатар, санкциялық шектеулер жағдайында мемлекет тауарлар транзитінің, экспортының/импортының жаңа жолдарын іздестіруге және сыртқы экономикалық әріптестер шеңберін кеңейтуге бағытталған. Мақалада ЕАЭО және "Белдеу-жол"жобасы шеңберіндегі көлік дәліздерін салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Көлік саясатының жеке векторын зерттеу үшін жүйелік – функционалдық талдау әдісі де қолданылды. Нәтижесінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көлік хабы ретінде дамуының басымдығы және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын қарқындату туралы қорытынды айқындалды.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 115 |

Жарияланды

2022-12-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Есдаулетова, А., & Далелхан, А. (2022). Көлік жүйесі Қазақстан сыртқы саясатының құралы ретінде. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4(83), 43-55. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-859

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары