Израиль Мемлекегінің сыртқы саясат тұжырымдамасы контексінде Израил-Қазақстан қатынастарының орны
Түйін сөздер:
ынтымақтастық, сыртқы саясат, Орталық Азия, ислам әлеміАңдатпа
Мақалада Еврей мемлекетінің мұсылман халқы басым мемлекеттермен қарым-қатынастарды дамыту концепциясы шеңберінде Израильмен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту сұрақтары қарастырылған. 1948 ж. Израиль Мемлекетінің құрылғаннан бері басым мақсаттарының бірі ислам әлемі елдерімен қатынастарды дамыту болып табылды. Израильдік «Хаарец» газеті Қазақстанды ислам әлеміндегі ең басты экономикалық әріптес деп сипаттады. 1996 ж. мамырда Қазақстан бірінші болып Израильге өз елшісін жіберді. Израиль қазақстандық сыртқы саясаттың батыс векторына кіреді, алайда географиялық тұрғыдан оның таяушығыстағы саясатына кіреді. Өткен жылдардан бері Израиль Қазақстанмен әріптестігін дамытып келді, бұл Израильдің мұсылман халқы басым елдерімен әріптестікті дамытудың мысалы болып табылады. Бұл орталықазиялық мемлекетпен тығыз қарым-қатынастар орнатты.