Делиберативті демократия «құлақ салушы мемлекет» тұжырымдамасының негізі ретінде
Түйін сөздер:
кеңес беру демократиясы, азаматтардың басқару процесіне қатысуы, «құлақ салушы мемлекет» түсінігі, тиімді басқару, шешім қабылдау процесіАңдатпа
Қоғам тарапынан сынға ұшырап отырған өкілді демократияның дағдарысы қазіргі мемлекеттердің жүйелі проблемасына айналып отыр. Осы тұрғыда, азаматтардың қатысуына негізделген делиберативті демократия қоғамдағы саяси көңіл толмаушылыққа конструктивті жауап болуы мүмкін деген байлам жасауға болады. Мақалада делиберативті демократия тұжырымдамасының сыни және оң аспектілері қаралады.
Осымен қатар, Қазақстанда азаматтардың шешім қыбылдау процесіне қатысуын кеңейту саяси тұрақтылықтың тиімді ресурсына айналып, сенімге негізделген азаматтық қоғамды дамытуға жаңа екпін бере алады деген пайым жасалады.
Жарияланды
2019-09-29
Дәйексөз келтіру үлгісі
Оспан , Е. . (2019). Делиберативті демократия «құлақ салушы мемлекет» тұжырымдамасының негізі ретінде. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (70), 12-17. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/81
Шығарылым нөмірі
Бөлім
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ