Сыйлық беру қандай жағдайда пара беруге айналады?

Автор(лар)

  • Алибек Молданиязов «Nur-Otan» партиясы, Саяси менеджмент мектебі

Түйін сөздер:

Сыйлық, сыйлық беру, пара [парақорлық], сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметшілер

Аңдатпа

Әрбір мемлекеттің, ондағы халықтың күнделікті өмірінде сыйлық беру үрдісі кең тараған және қоғамдық қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады. Сыйлық пен сыйлық беру дәстүрі, пара мен парақорлық және сыбайлас жемқорлықтың ара-қатынасы бүгінгі күні қай қоғамда болмасын маңызды, әрі қызу талқыланатын тақырыптардың біріне айналды.
Сыйлық алмастыру - тереңнен тамыр тартқан, жүйелі дамып отыратын үрдіс. Алайда қаншама уақыт өтсе де тіпті мемлекеттік басқару құрылымдары, заңдар мен ережелер өзгерсе де сыйлық беру мен оның атқаратын қоғамдағы міндеттері өзгеріссіз қалуда. Сыйлық беру мен қабылдауға байланысты заңнамалық шектеулер қоғамдық ортада өзіндік наразылықтарын да туығызуда. Сондықтан мақалада сыйлықтың параға айналуы, сыйлық алмастыру теориясы мен тәжірибесі іргелі академиялық зерттеулерге сүйене отырып талқыланады.
Сонымен қатар, мақала мемлекеттік қызметшілер, тіпті барлық сала қызметкерлері арасында да сыйлық беруді не үшін заңмен шектеу керектігін, сыйлық қабылдаған адам сыйлық берушіге қандай да жолмен болсын кері қарай қайтару міндетін де қабылдайтынын баса айтады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 78 |

Жарияланды

2019-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Молданиязов, А. . (2019). Сыйлық беру қандай жағдайда пара беруге айналады?. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (71), 85-91. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/77

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ