Қазақстан Республикасында қоғамдық қатынастарды нормативті реттеудің болашағы
Түйін сөздер:
заңнамалық акт, заңға тәуелді акт, мазмұны, реттеу шегіАңдатпа
Мақалада заңнамалық және заңға тәуелді актілердің мазмұны мен реттеу шектерінің арақатынасы мәселесі көтеріледі. Бұл мәселенің өзектілігі соңғы уақытта қоғамдық қатынастарды негізінен заңға тәуелді деңгейде реттеу үрдісі байқалатындықтан, осыған байланысты заң өзінің реттеу функциясын орындауды тоқтатады, көптеген сілтеме нормалары бар және декларативті, негіздемелік сипатта болады. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің шетелдік және қазақстандық тәжірибесін талдау негізінде автор нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілерге де, олар бойынша заң сараптамасын жүргізетін органдарға да қызықты болуы мүмкін нормативтік реттеу деңгейлерін шектеу критерийлерін ұсынады.