2020 жылғы АҚШ президенті сайлауының ҚХР-мен саяси және экономикалық қатынастар контексіндегі әсері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-729Түйін сөздер:
Қытай, Америка, қақтығыс, сауда соғысы, ынтымақтастық, келіспеушілік, АҚШ Республикалық партиясы, 2020 жылғы Президент сайлауы, АҚШ Демократиялық партиясы, санкциялар, саудаАңдатпа
Мақала «Қазақстан-Ресей шекарасы: тарихи жағдай және жаңа геосаяси шындық» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми, ғылыми-техникалық саланы мақсатты қаржыландыру конкурсының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалары аясында дайындалған. Бағдарламаның нәтижесі де осы мақаланың қорытындысы бойынша шығарылады деп күтілуде. Бағдарлама 2023 жылы аяқталғаннан кейін оның баяндамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Бағдарлама нәтижелерін жариялау көрсетілген мемлекеттік органның қарауында болады. Бұл мақалада «шекара аймағы» түсінігі, Қазақстан мен Ресейдің өңірлік деңгейде демографиялық саясатының қалыптасу және жүзеге асырылу ерекшеліктері, екі елдегі демографиялық үдерістердің қазіргі жағдайы мен дамуының ерекшеліктері айқындалады және сипатталады. Сонымен қатар, Ресеймен шекаралас Қазақстанның жеті облысындағы халық санының жай-күйі мен тенденцияларына жекелеген ұлттар тұрғысынан талдау жасалып, ондай өзгерістердің себептері келтірілген. Бұған қоса, көші-қон процестері мен көңіл-күйді, Ресейде туыстық байланыстардың бар-жоғын және оның жүйелілігін, Ресей Федерациясына көшу мүмкіндігін, Нұр-Сұлтанның Мәскеуге қатысты саясатын және Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын қолдауды, сондай-ақ осы өңірлердегі этносаралық қатынастардың жай-күйіне және этникалық белгілері бойынша азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтау мақсатында Қазақстанмен шекаралас аймақ тұрғындары арасында жүргізілген социологиялық сауалнама деректері көрсетілген.