Ауылдық социум трансформациясы контексінде қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиялары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)
Түйін сөздер:
ауылдың дамуы, тұрғындардың өмір сүруінің әлеуметтік стандарттары, қарт тұрғындардың, қарт тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру, қарт тұрғындарды жұмыспен қамту және денсаулығын сақтауАңдатпа
Қарт адамдардың жағдайы тұрмыстық хал-ауқаты, тамақтануы, өмір тіршілігі, әлеуметтік жағдайларына байланысты. Қарт адамдар өздерінің өмір тіршілігіне қажеттіліктерін кепілді қамтамасыз етілуін қажет етеді. Ауылдың қарт тұрғындарымен әлеуметтік жұмыс жаңа технологияларды ендіруді қажет етеді.
Мақалада қарт адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, оларды медициналық және әлеуметтік- тұрмыстық қымет көрсетуді, демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру түрлері талданады. Егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек қызметімен стационарлық емес мекемелердің желілерін кеңейту, оларға қызмет көрсетудің жаңа түрлерін жетілдіру мен ендіру бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Шетелдік, соның ішінде әсіресе жалғызбасты қарт азаматтарға және егде жастағы жұбайларға әлеуметтік тұрғын үйлерді құру бойынша тәжірибені қолдану ұсынылады.