ЕАЭО елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-671Түйін сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, бәсекеге қабілеттілік, интеграция, сыртқы сауда, өзара сауда, экспорт, импорт, экспорттың ұқсастығы, өнеркәсіп, нақты сектор, жалпы ішкі өнім, шетелдік тікелей инвестициялар, Еңбек өнімділігіАңдатпа
Мақалада 2015 және 2020 жылдары интеграциялық бірлестік құрылған сәттен бастап ЕАЭО-ға қатысушы елдердің даму факторы ретінде бәсекеге қабілеттілікті зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу ЕАЭО-ның статистикалық деректеріне негізделген. Мақалада сыртқы және өзара сауда индикаторларының, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсіп үлесінің, сондай-ақ еңбек өнімділігінің негізінде ЕАЭО елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігіне бағалау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша интеграциялық одаққа қатысудан үлкен әсер алатын елдер және үшінші елдермен саудаға көбірек бағдарланған елдер анықталды. Авторлық әдістемені қолдана отырып, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігіне бағалау жүргізілді және Еуропалық одақпен салыстырғанда экспорттың ұқсастық индексі есептелді, ол ЕАЭО шеңберінде экономикалардың өзара толықтырылуы әлі де төмен екенін, интеграциялық процестердің экономиканы дамытуға қосқан үлесі әлі де мардымсыз екенін көрсетті. ЕАЭО елдері экономикалары құрылымының өзара толықтырылуының төмен факторынан басқа, қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері ЕАЭО құруға байланысты артықшылықтар трансшекаралық өңіраралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қолдауға байланысты ұлттық экономикалық саясат шараларын жүзеге асыруды талап ететіндігінде болып отыр. Сонымен қатар, мақалада ЕАЭО елдеріндегі еңбек өнімділігі деңгейінің жоғары еместігі көбінесе өнеркәсіпті технологиялық қайта жарақтандыру, өндірістік-техникалық аппаратты жетілдіру және кеңейту, еңбек ресурсының біліктілігі мәселелерімен ұштасатын өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына байланысты екені анықталды. Жаңа экономикалық болмыс жағдайында экономиканың жоғары өнімді секторларының дамуын ынталандыру маңызды, ең алдымен сапалы өмір сүру ортасы бар урбандалған орталықтарда, экономиканың урбандалған орталықтары экономиканың мұнай секторларымен салыстырылатын жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға қабілетті.