Арктика бағыты бойынша Норвегия саясаты: докриналық негіздеме

Автор(лар)

  • Ермек Чукубаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Дастан Калибекулы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Адилбек Ермекбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-658

Түйін сөздер:

Арктикалық аймақ, Норвегияның доктриналық негізі, Арктикалық стратегия, әскери саясат, әскери-саяси стратегия, халықаралық ынтымақтастық

Аңдатпа

Мақалада Арктикадағы норвегиялық саясаттың доктриналық негізінің ерекшеліктері, сондай-ақ аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әскери-саяси стратегиясы қарастырылған. Норвегиялық саясаттың доктриналық негізі Арктикалық стратегияны бірінші орынға қояды. Норвегия – Скандинавия елдерінің арасында Арктикалық аймақтың құқықтық мәселелерін жүйелі түрде реттеу жұмысымен ерекшеленеді, сонымен қатар басқа мемлекеттер үшін аймақтық және халықаралық деңгейде өз мүддесін қорғау механизмін әзірлеудің үлгісі болып табылады. Норвегия Арктикадағы көмірсутек қорын игеруге, қоршаған ортаны қорғауға, баламалы энергетика мен ғылымды қажет ететін технологияларды енгізуге негізделген жасыл экономиканы дамытуда инновациялық көзқарасымен ерекшеленеді. Норвегияның Арктикалық аймаққа қатысты саясатының доктриналық негізі нақты бағыттармен сипатталады, ондағы басымды, негізінен халықаралық ынтымақтастық, бизнес пен білімді дамыту, инфрақұрылым, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларға дайындық болып табылады. Норвегияның Арктика аймағындағы саяси доктриналарының тұжырымдамалық негізі Арктиканың тұрақты дамуы мақсатында білім, ғылым мен бизнестің бірігуінен тұрады. Норвегия доктринасында Арктикалық аймаққа қатысты қауіпсіздік мәселелер мен әскери-саяси стратегия маңызды рөл атқарады. Бұл мәселелер NORDAC (Скандинавиялық қару-жарақ ынтымақтастығы), НАТО сияқты халықаралық қатынастармен және Ресеймен екіжақты қарым-қатынас пен серіктестікті қолдау арқылы реттеледі. Норвегияның қауіпсіздік саясатында басты рөл НАТО стратегиясы болып табылады, ол Арктикадағы әскери іс-қимылдың жүйелі жаттығуларына және соңғы Қырым оқиғаларына байланысты Норвегияның белгілі бір миссияларды орындауына негізделген.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 149 |

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Chukubaev, Y. ., Kalibekuly, D., & Yermekbayev, A. (2022). Арктика бағыты бойынша Норвегия саясаты: докриналық негіздеме. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (81), 95-104. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-658

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары