Еуропалық Одақтың терроризммен күрестегі саясаты: жай-күйі, мүмкіндіктері және шектеулері

Автор(лар)

  • Айнур Исаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Жанар Медеубаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Сауле Алиева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Әсемгуль Гусманова Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-631

Түйін сөздер:

терроризм, терроризммен күрес, қауіпсіздік, Еуропалық одақ, терроризмге қарсы стратегия, терроризммен күресу әдістері

Аңдатпа

ХХІ ғасырда терроризм жаһандық мәселеге және барлық деңгейдегі әлемдік саясаттың негізгі факторларының біріне айналды. Оралмалы экономикалық және қаржылық дағдарыстар барлық елдердегі әлеуметтік саланың жай-күйіне жағымсыз әсер етіп, ұшқары көңіл-күй мен террористік ниеттерге қолайлы жағдай жасайды. Соңғы онжылдықтардағы әлемдегі геосаяси шиеленістің өсуі де жер шарындағы лаңкестік топтардың белсенділігінің кеңеюіне ықпал етті.

Бұл мақалада SWOT талдауды қолдана отырып, ЕО-ның терроризмге қарсы күресінің жай-күйін зерттеу әрекеті жасалды. Терроризм қаупі және оның ең ауыр көріністері Еуропалық Одақ елдеріне де әсер етті, бұл оны терроризмге қарсы күресте нақты саясатты әзірлеуге және терроризм қаупінің алдын алу және залалсыздандыру әдістерін жетілдіруге итермеледі. 2001-2020 жж. Еуропалық Одақтағы терроризмге қарсы құрылымдардың даму үдерісін және терроризммен күрес тәжірибесін талдауда терроризмге қарсы курстың сөзсіз жетістіктеріне көз жеткізуге болады. Сонымен бірге, бұл курстың әлсіз жақтары мен объективті кемшіліктері әлемдік саясат пен макроэкономикадағы күрделіліктен, сондай-ақ ЕО-ның ұлттан жоғары құрылым ретіндегі табиғатынан туындайды.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 97 |

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Isayeva, A., Medeubayeva, Z., Alieva, S., & Gusmanova, A. (2022). Еуропалық Одақтың терроризммен күрестегі саясаты: жай-күйі, мүмкіндіктері және шектеулері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (81), 85-94. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-631

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР