Қазіргі қоғамдағы саяси наразылықтардың ерекшеліктері (Қырғызстан мысалы)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-627Ключові слова:
саяси наразылық, Қырғызстан, қақтығыс, саяси партиялар, парламенттік сайлауАнотація
Қазіргі уақытта заманауи қоғамда түрлі саяси наразылықтардың кеңінен таралуын байқауға болады. Бұл құбылыстар Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қырғызстанда ерекше көрініс тапқан.
Мақалада Қырғызстандағы 2020 жылғы саяси наразылықтардың теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылған. Зерттеу барысында сол елдегі наразылықтар туралы ғылыми әдебиет түрлі мәселелер бойынша жіктеліп, әлеуметтік сауалнамалар мен тереңдетілген сұхбаттардың нәтижелеріне қайталама талдау жүргізілді.
Ғылыми жұмыста қырғыз қоғамының соңғы жылдардағы наразылықтар сараптамасы келтірілді. Осы зерттеу барысында саяси наразылықтардың себептеріне талдау жасалды. Сонымен қатар, түрлі зерттеушілердің наразылық ерекшеліктері туралы пікірлеріне назар аударылды.