Украинада жергілікті деңгейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру меселелері
Түйін сөздер:
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, ЕО, инвестициялар, қоғамдық сектор, бизнес сектор, әлеуметтік әріптестікАңдатпа
Мақалада шет елдердің тәжірибесімен салыстырғанда Украинада жергілікті деңгейде мемлекеттік-жекеменшік әріптөстігі жобаларын іске асыру мәселелері қарастырылады, Шағын жобалар немесе микро (мини жобалар) мемлекеттік деңгейдегі ірі жобаларды іске асырудан ерекшеленеді. Олар әлі Украинаның басқарушылық практикасына енген жоқ, бірақ, сондай-ақ ЕО елдерінің жергілікті мәселелерді табысты шешудегі тәжірибесін көрсетеді. Украинаның және шетелдегі заңнамалық негізге баса көңіл аударылады, оның ерекшеліктері талданған.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асырудың негізгі салалары, сонымен қатар ынтымақтастықтың негізгі тетіктері айқындалады. Мақалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ынтымақтастық үлгілері мен осы жобаларды іс жүзінде жүзеге асырудағы негізгі қиындықтар қарастырылады.