Муниципалитеттегі жастар саясатының тиімділігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-569Түйін сөздер:
Жастар, муниципалды саясат, бағдарлама, құндылықтар, әлеуметтік зерттеулерАңдатпа
Жастардың ірі қалаларға көшіп-қонуы, халықтың мемлекеттіің басқа өңірлеріне және шет елдерге тұрақты тұруға белсенді кетуі жастарды аумақтағы мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру, қалалар мен шағын елді мекендерді одан әрі дамыту үшін құралдарды өзгерту үшін, жаңа әдістер мен технологияларды белсенді іздеуге мәжбүр етеді. Көп жағдайда жастармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік және муниципалды саясатты талдау экономикалық мағынамен анықталады, яғни іске асырылатын бағдарламалардың экономикалық және қаржылық тиімділігі талданады. Авторлар қажеттіліктерді тікелей анықтау үшін, сондай-ақ жас азаматтар үшін іс-шаралардың маңыздылығын арттыру үшін басқарушылық және ұйымдастырушылық мәселелер мен кедергілерді бағалау үшін қарастырылып отырған мәселеге әлеуметтанулық тұрғыдан келді. Зерттеу полигоны ретінде Пермь аймағындағы Чайковский қалалық округі (халқы 103 мың адам, орта қала) таңдалды.