Орталық Азияның су ресурстары: пайдалану мәселелері
Түйін сөздер:
су ресурстары, Орталық Азия, халықаралық қатынастар, құқықтық режим, трансшекаралық өзендер, гидроэнергетикаАңдатпа
КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің кұрылуы Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын пайдалану саласына түбегейлі өзгерістөр алып келді. Онжылдықтар бойы барлық ортаазиялық мемлекеттердің мүдделерін өзара есепке ала жұмыс жасаған механизм бұзылды. Мақалада Орталық Азия елдерінің аймақтағы су ресурстарын пайдалану мен мемлекеттер арасында бөліске салу саясатын анықтайтын факторлар қарастырылады. Аймақтағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдаланудың құқыктық мәселелеріне, сонымен қатар, көпжақты ынтымақтастықтың берік механизмінің қалыптасуына кедергі келтіруші сұрақтардың айқындалуына баса назар аударылған.