Кірістер мен мүлікті декларациялау жүйесін талдау: Қазақстанның жалпыға бірдей декларациялау моделі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-532Түйін сөздер:
Салық декларациясы, сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика, мемлекеттік басқаруАңдатпа
Осы мақала ашық дереккөздерге негізделе отырып, Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық саласында зерттеулер жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқарту мақсатында 2025 жылдан бастап азаматтардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі. Осыған байланысты зерттеудің негізгі мәселесі-мақсатқа жету үшін бүкіл халықты тарту қажеттілігі немесе оны белгілі бір адамдармен ғана шектеуге болады. Мақалада сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономика бөлігіндегі теориялық, нормативтік-құқықтық және стратегиялық құжаттар келтірілген. Сондай-ақ, мақалада көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін факторларға талдау жүргізілді. Талдау көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық арасындағы оң корреляцияны көрсетті. Осыған байланысты, мақала бүкіл халықтың салық ауыртпалығының қажеттілігіне күмән келтіреді, ал ескерілмеген экономиканың көп бөлігі сыбайлас жемқорлық активтері болып табылады.